الإثنين , مايو 27 2024
أخبار عاجلة
الرئيسية / العالم / Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында Қазақстанның Мароккодағы Елшілігінде достық қабылдау өткізілді.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында Қазақстанның Мароккодағы Елшілігінде достық қабылдау өткізілді.

Рабат, 2023 жылғы 26 сәуір – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында Қазақстанның Мароккодағы Елшілігінде достық қабылдау өткізілді.
Елшілік қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай қайырымдылық көмек көрсетіп, іс-шараны Марокко Королі Мұхаммед VI патронажындағы Мүмкіндіктері шектеулі жастарды өмірге бейімдеу және жұмыспен қамтамасыздандыру орталығының жастарымен бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шараға Марокконың Ынтымақтастық, әлеуметтік интеграция және отбасы министрі Ааватиф Хайяр, Король әулетінің мүшесі Лалла Шерифа Фатима Әл Алауи, Король Мұрағатының директоры Бахиджа Симу және басқа да белгілі белсенділер мен бірқатар елшілер қатысты.    
Қонақтар еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты нығайту және осы бағыттағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен таныстырылды.
Сонымен қатар, қабылдау шеңберінде сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Марокконың Қазақстандағы алғашқы Елшісі Абдежалель Собридің жұбайы Несрие Камальдің еліміздің табиғаты, көпқырлы мәдениеті, салт-дәстүрінен шабыт алған туындылары қойылды.
————————————————
Rabat, April 26, 2023 – On the eve of the Kazakhstan People’s Unity Day, a friendly reception was held at the Embassy of Kazakhstan in Morocco.
The Embassy provided charitable assistance in honor of the end of the holy month of Ramadan and organized an event jointly with the youth of the Center for Adaptation and Employment of Youth with Disabilities under the patronage of the King of Morocco Mohammed VI.
The event was attended by the Minister of Solidarity, Social Inclusion and the Family of Morocco, Aawatif Khayyar, a member of the Royal family Lalla Sherifa Fatima Al Alawi, Director of the Royal Archives Bahija Simu and a number of other well-known figures and foreign ambassadors.
The guests were briefed on the work of the Assembly of the People of Kazakhstan to strengthen interethnic and interfaith harmony and peace in the country.
The reception also included an exhibition featuring the work of Nesriye Kamal, wife of Morocco’s first ambassador to Kazakhstan, Abdéjalel Sobri, inspired by the nature, multifaceted culture and traditions of our country.

عن afriquemondearab

شاهد أيضاً

تقرير زيارةبمدينة ارجنتوي Argenteuil فرنسا.* السبت 2 دجنبر 2023. 

*المبادرة الوطن أولا ودائما*  *المكتب التنفيذي* *تقرير زيارة فرنسا.* السبت 2 دجنبر 2023.  تم عقد …

اترك تعليقاً

لن يتم نشر عنوان بريدك الإلكتروني. الحقول الإلزامية مشار إليها بـ *